Маңғыстау өнер колледжі студенттерінің балалар үйіне қайырымдылық шарасы
15 қараша күні Маңғыстау өнер колледжінің 1 топ еріктілері "Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы" мекемесіне қайырымдылық шарасын өткізу мақсатында, балаларға арнап концерт, көрініс қойып, түрлі ойындар ойнатып, балалардың көңілдерін көтеріп қуанышына бөленіп, жүректерінде көптеген жағымды эмоциялар қалдырып, нағыз мерекенің атмосферасын қалыптастырды. Осыдан 1 күн бұрын колледжде өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаржыға балаларға дастархан жайып, қажетті заттарын алып, түрлі ойыншықтар апарды. Балалар үйінің қызметкерлері өте игі іспен айналысады және тәрбиеленушілерге бере алатын барлық жылулық, қамқорлық, қолдау мен көмекті көрсетеді. Алайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін кез-келген қосымша назар аудару өте маңызды.
Осы шараны ұйымдастырып, жетекшілік еткен колледж психологы Сеилханова Нағима Алпанқызы, жалпы пәндер бөлімінің оқытушысы Айтбаева Ақтоты Құсайыновна және жастар комитетінің мүшесі "Халық аспаптары" бөлімінің 3 курс студенті Ерболқызы Гүлзада.
Және де балаларға осыншама қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеріп, барынша мерекелік атмосфера сыйлаған студенттеріміз Жантақбаев Дастан, Құттығұл Әйтеке, Орынбасар Айнұр, Қуанышбек Балнұр, Ислам Есет, Оралбаев Ақжол Жолдыбаев Нұрсаян, Саматұлы Мәдениет, Есенғали Әділет, Өтесбай Шыңғыс, Бекбол Үміт, Шоңай Ұлданай, Амалбекұлы Райымбек, Аймуратов Дударбек және Игзам Назгүл.
"Қайырымдылық жасасаң , қайырын өзің көресің" дегендей, оқытушыларымыз бен студенттеріміз осындай жасаған игі істері мен жақсылықтары мол сауапқа кенелсін.