Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Сайлаубаева Меруерт Лабакбайқызы
Сайлаубаева Меруерт Лабакбайқызы - 2008-2012 жж. аралығында Маңғыстау өнер колледжі "Халық аспаптары" бөлімінің қобыз мамандығында білім алып, 2012-2016жж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті "Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер" кафедрасында Мәдениеттану мамандығын үздік аяқтаған. Қызмет жолын 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасында Бас маман қызметінен бастап, 2019 жылдан бері Маңғыстау өнер колледжі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.