Язык: Рус   Каз
Instagram Facebook Youtube
Телефоны:
8 (7292) 52-17-40
8 (7292) 52-17-41

Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысы

2021 жылдың 31 мамыры мен 15 тамызы аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жыл сайынғы студенттер стипендиясына конкурс өткізді. Қазақстанның әр аймағынан 350 -ден астам білім алушы қатысқан байқауда 80 үміткер ғана 2021-2022 оқу жылында Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысын алады. Соның ішінде байқау комиссиясының шешімімен Маңғыстау өнер колледжінің  "Халық аспаптары" бөлімі 3 курс студенттері Қасымова Айшолпан және Күзембай Іңкәр жеңімпаз деп танылды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысы

Қасымова Айшолпан Шындауылқызы 2004 жылы 17 мамырда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келді. 2010-2019 жылдары Ақтау қалалық № 23-орта мектепті үздік бітірді, сонымен қатар 6 жасынан бастап домбыра аспабында ойнайды. Сондай-ақ, Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебін үздік деген бағамен бітірді. 2019 жылы Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптары" бөлімінің оқытушы, колледжіміздің түлегі, Республикалық байқаулардың лауреаты, жас маман Оңайбай Салтанаттың сыныбына қабылданды. Колледжге түскен сәттен бастап Айшолпан қоғамдық, мерекелік шараларға өте белсенді. Осы жылдар ішінде бірнеше байқаулардан жүлделі орындар алды. Атап айтсақ, "Сазды әуен-сырлы әуез" атты байқаудан 2-орын, “Ғасырлар үні” байқауынан Арнайы жүлде т.б көптеген байқаулардың жеңімпазы атанды. Алдағы уақытта республикалық байқауға дайындық үстінде. Сонымен қатар, Айшолпан домбырадан басқа қосымша аспаптарды да меңгеруде. Айшолпанның өнерге құштарлығы, ізденімпаздығы болашағынан зор үміт күттіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысы

Күзембай Іңкәр 2004 жылы 25 тамызда Ақтау қаласында дүниеге келді. 2019 жылы Ақтау қаласындағы №13 орта мектепті үздік аяқтады. 2015-2019 жылдары аралығында Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің домбыра класын үздік бітірді. 2019 жылы Маңғыстау өнер колледжі халық аспаптары бөлімінің домбыра аспабы класына оқуға түсіп, қазіргі таңда 3 курс студенті. Жетістіктері: 2016 жылы «Жас Талант» халықаралық байқауынан 3 орын, 2017 жылы «Каспий жұлдызы» обылыстық байқауынан 1 орын, «Astana Grand Festival» халықаралық байқауынан бас жулде, «Жаңа жұлдыз» халықаралық байқауынан 2 орын, «Қазақстан республикасы Юнеско клубтарының ІІ шығармашылық академиясының» финалисті, 2018 жылы «Burabay summer fest» халықаралық 2 орын, «Құрманғазы -200 жыл» республикалық байқауынан бас жулде, 2019 жылы «Қадыр оқулары» қалалық байқауынан 2 орын, «Қазақстан таланттары» республикалық байқауынан 1 орын, «Жас музыкант» облыстық байқауынан 3 орын, 2021 жылы «Ғасырлар үні» қалалық байқауынан бас жулде иеленді. Қазіргі таңда Маңғыстау өнер колледжінің аға ұстазы, ҚР еңбек сіңірген әртісі,профессор Роза Айдарбаеваның классында тәлім алады.

Манова Жайнаш Утепкалиевна
Директор мангистауского
колледжа искусств
Электронное правительствоГосударственные услуги Биржа трудаЭлектронная биржа труда 100 шагов100 шагов История КазахстанаИстория Казахстана Путь в будущееПуть в будущее
110 Горячая линия110 Горячая линия AtauATAU – ономастическая электронная база Стратегия 2050Стратегия 2050 Сайт ПрезидентаОфициальный сайт президента Республики Казахстан Сайт Премьер-министраОфициальный информресурс Премьер-министра Республики Казахстан
Министерство образования и науки Республики Казахстан Акимат города Актау Акимат Мангистауской области Управление образования Мангистауской области Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
tilquralTILQURAL abai.instituteИнститут Абая balatiliBALA TILI qazlatynQAZLATYN tilalemiТіл Әлемі
emleЭлектронная база орфографии казахского языка qazcorporaНациональный корпус казахского языка termincomБаза терминов tilmediaTilMedia