Маңғыстау өнер колледжінде қайырымдылық жәрмеңкесі
Бүгін Маңғыстау өнер колледжінде "Қамқорлық" акциясы аясында Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастушылар колледж психологы Сеилханова Нағима Алпановна, жастар комитетінің мүшесі "Халық аспаптары" бөлімінің 3 курс студенті Ерболқызы Гүлзада және колледж топ жетекшілері мен студенттері. Мобилограф ???? @__igzamova__
Мақсаты: Студенттердің бойында қамқорлық сезімдерін ояту, игі істер жасауға дағдыландыру. Студенттерді бір-біріне көмек беруге және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Жәрмеңкеден түскен қаржыны "Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы" мекемесіндегі баларларға қажетті заттарына жұмсалады.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің" - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.