Абыройлы еңбекпен- құрметті зейнетке!
Бүгін, қазан айының 2-сі күні 2016 жылдан бері колледжімізді басқарып келген басшымыз Манова Жайнаш Өтепқалиқызын абыройлы қызметінен құрметті зейнетке шығарып салу рәсімі өтті. Шараға колледж ұжымымен қатар, Маңғыстау облыстық білім басқармасынан Сармурзина Жания Оңалбаевна қатысып, құттықтауларын айтып, ыстық ықыласпен тілектерін білдірді.
Манова Жайнаш Өтепқалиқызы іскер басшы, білімді ұстаз, педагогикалық ізденісі мол, шығармашыл тұлға. Маңғыстау өнер колледжін 2016 жылдан бастап басқарған парасатты тұлға, ұлағатты ұстаз, өнегелі ұйымдастырушы. Білім беру ұйымының педагогтері, білім алушылары халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстарда жеңімпаз атанып, басшылықтың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуының дәлелі болды, ұжымда беделді, жоғарғы еңбек қабілеттілігімен ерекшеленді.