Маңғыстау өнер колледжі мен Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум
28 мамыр 2025 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК мен Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Өңірдегі Мәдениет және Өнер саласы мамандарын даярлайтын өнер ордасы арасындағы бұл келісім шарт тәжірибе мен білім алмасу, студенттердің кәсіптік практикаларын, жұмыс кездесулерін, іс-шаралар, концерттер өткізу және тағы басқа бағыттарды қамтиды.
Бұл ынтымақтастық келісім-шарт болашақта Мәдениет және Өнер саласы мамандар дайындау процесінде өзіндік үлесін қосады деген үміттеміз.