Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтой концерті
✅ 27 желтоқсан күні Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында Қазақстанның халық әртісі, қазақ өнерінің мақтанышы Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған “Бұл-бұл” атты мерекелік концерті өтті.
Концертте Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі және филармония әншілері, сонымен қатар Маңғыстау өнер колледжінің "Академиялық ән салу" бөлімінің ұстаздары Берікбаева Шолпан Саламатовна, Қосымқызы Ақмарал және Жұмағалиева Күміс Бақытжановна өнер көрсетті.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, колледж ұстазы Мадреев Рахат Бекболұлы.
Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт - тек ән кеші ғана емес, әнші шығармашылығының естеліктері мен әсерлі сәттеріне толы ерекше кеш болды.