«Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары» атты ашық сабақ
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні физика пәнінің оқытушысы Төрехан Мөлдір Құралқызы «Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары» атты ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерін сандық, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау. Пән бойынша білім – білік дағдысын қалыптастыру.