"ЖЫЛ СТУДЕНТІ - 2024" жеңімпазы Келісқызы Айдана
6 желтоқсан күні "ХАН ШАХАР" салтанат сарайында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Ақтау студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастыруымен "ЖЫЛ СТУДЕНТІ - 2024" облыстық студенттер байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Маңғыстау өнер колледжінің "Домбырамен ән салу" бөлімінің 4 курс студенті Келісқызы Айдана "Жыл студенті" номинациясын жеңіп алды. Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!