Шакен Аймановтың туғанына 110 жыл
29 қараша күні колледждің акт залында "Хореография өнері" бөлімінің "КСРО халық әртісі, көрнекті театр және кино актері, режиссер Шакен Аймановтың туғанына 110 жыл" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Топ жетекші Бисалиева Сандуғаш Мусаевна.
Мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары, қазақ киносының негізін салушы туралы рухани білім беру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.