Сержан Шакрат атындағы Республикалық домбырашылар байқауының жеңімпаздары
21-22 қараша күндері өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», «Барыс» орденінің иегері, дәулескер күйші Сержан Шакрат атындағы Республикалық домбырашылар байқауында Маңғыстау өнер колледжі “Халық аспаптары” бөлімінің 3 курс студенттері жүлделі орындарға ие болды.
1 орын - Жантақбаев Дастан, ұстазы Утепова Гүлжан Саиновна.
3 орын - Құттығұл Әйтеке, ұстазы Түйте Жұмагүл Темірханкызы.
Дипломант - Молдағали Бекайдар, ұстазы Боранова Салтанат Базарбековна.
Студенттерімізді алған жүлделерімен құттықтаймыз!