ІІІ Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы аясында өткен «Ерте кәсіптік бағдарлау: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу технологиясы мен әдістемесі» семинар - практикум
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша ІІІ Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы аясында өткен «Ерте кәсіптік бағдарлау: мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен жұмыс істеу технологиясы мен әдістемесі» семинар - практикумға Маңғыстау өнер колледжі басшысының орынбасары, Маңғыстау облысының «WorldSkills» қозғалысы бойынша техникалық делегатының ассистенті, жобаны үйлестіруші К. Джантекеева қатысып «Dalaskills» - халық дәстүрлерін сақтауға бағытталған жарыстар» және «BabySkills - WS стандарттарына сәйкес ерте кәсіптік бағдар беру»; Маңғыстау өнер колледжі басшысының орынбасары, сарапшы Г. Сдыкова «BabySkills», «DalaSkills» жобасы бойынша чемпионат ұйымдастырудағы құжаттамалар негіздемесі; Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ директорының орынбасары, сарапшы А. Каримова «BabySkills жобасының қосымша білім берудегі іс тәжірибесінен» тақырыбында «Сән технологиясы», «Цифрлық моделдеу» құзіреттіліктеріне қатысушы педагогтармен іс –тәжірибелерімен бөлісті.
«Бастапқы кәсіби дағдыларды көрсету» практикалық бөлімінде Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ педагогы Б. Борсанова «Киім және аксессуарлар дизайны» (шеберлік сабағы); Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ педагогы А. Канатова, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №6 жалпы білім беру мектебі мұғалімі Ш. Масакбаева «Киіз өнері - Истинг» (шеберлік сабағы); Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ педагогы А.Қосбаева, «IT START» ЖК басшысы Кабдуллина Айнат «Виртуалды әлемдегі қазақтың ұлттық киімі (сандық модельер)» (шеберлік сабағы); Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің оқытушысы Ж.Каргамбаева, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №6 жалпы білім беру мектебі директорының орынбасары А. Жанадилова «Матаға қазақтың ұлттық нақыштарын қолданып көркемдеп сурет салу» (шеберлік сабағы) көрсетті.
Қосымша ақпарат:
Маңғыстау өнер колледжі Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» КММ-мен, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №6 жалпы білім беру мектебімен («Матаға қазақтың ұлттық нақыштарын қолданып көркемдеп сурет салу»), «Асмет Ұлас» инновациялық мектеп – гимназиясымен («Хореография») үш жақты келісім шартқа отырып, жұмыс жасауда.