«Атамекен» кәсіпкерлік палатасында кәсіпкерлермен кездесу
Ағымды жылдың 27 қазан күні Маңғыстау облысы Атамекен кәсіпкерлік палатасы базасында «Маңғыстау өнер колледжі» бітіруші 3-4 курс білім алушыларымен жеке кәсіпкерлер Чалкарова Айбала Копбергенқызы «Өркен» балаларды оқыту және қосымша оқыту орталығының директоры, Кусаинова Толқын Берлібекқызы «IQ» білім орталығының негізін қалаушы директорымен кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлер кәсіп ашудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта кәсіп ашу кезінде қандай қасиеттерді өз бойында дамыту керектігі туралы айтып өтті. Білім алушылар жеке кәсіпкерлерге сұрақтар қойып жоғары деңгейде сұқбат өтті. Кәсіпкерлер білім алушыларды өз мекемелеріне тәжірибе алу үшін шақырды. Білім алушыларға өте қызықты, танымды кездесу болды. Осындай кездесуді ұйымдастырып берген «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына өз алғысымызды білдіреміз.
#Кәсіпкерлікпалатасы
#қаржылықсауаттылық
#Маңғыстауөнерколледжі
#үздікмансап
#үздікмансапорталығы
#Түлек2024