Сүндетов Аманбек Махуұлы
1947 жылы дүниеге келген. 1971 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «домбыра - прима» мамндығы бойынша бітірген.
1993 жылы Маңғыстау өнер колледжінің ашылуынан бастап директор қызметін атқарып келеді. Сол жылдардың бәрінде республика бойынша соңғы ашылғанына қарамастан колледждің деңгейі биік, алдыңғы қатарлы кәсіби оқу орны болып қалыптасуына зор үлесін қосып келеді.
Аманбек Махуұлы – білікті басшы болуымен қатар, жоғарғы деңгейдегі ұлағатты ұстаз. Оның шәкірттері республикамыздың түкпір-түкпірінде еліміздің өнер саласына елеулі еңбектерін сіңіріп жүр. Атап айтқанда, Бегендиков Ж.Ә.- ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері; Байкозов Н. - Алматы қалалық симфония орестрінің бас дирижері; Бимурзаев Б. – А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп – интернаттың бөлім меңгерушісі; Айдарқұлов Қ. – П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің бөлім меңгерушісі; Көбенғалиев Б.А.- Маңғыстау өнер колледжінің ұстазы, облыстық А.Тарақұлы атындағы филармонияның жеке орындаушысы.
Аманбек Махуұлы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық конкурста лауреат дайындағаны үшін Құрмет грамоталарының бірнеше дүркін иегері. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен; ҚР білім беру ісінің Құрметті қайраткері медалі; Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ректоры, Әлем әртісі, ҚР халық әртісі А.Мұсаходжаеваның Алғыс хаты; Алматы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ректоры, ҚР халық әртісі Ж.Аубакированың Алғыс хатымен марапатталған.