Балапашқызы Ханшайым
1951 жылы Маңғыстау облысы, Тұщыбек селосында дүниеге келген. 1967 жылы мектепті аяқтағаннан кейін 1967-1971 жылдар аралығында Гурьев музыка училищесін қобыз класынан бітіріп, 1971-1976 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Ф.Балғаеваның класынан бітірген. 1993 жылдан бастап колледжде «Халық аспаптары» бөлімінде қобыз класы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді.
2004 жылдан бастап «халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі. Атағы: «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері». , Марапатталған төс белгілері –, «Маңғыстау облысына 35 жыл», «Маңғыстау облысына 40 жыл, Ақтау қаласына 50 жыл» , Колледж қабырғасында Республикалық байқауларға лауреаттар дайындаған.