Маңғыстау өнер колледжінің 2024-2025 жаңа оқу жылына колледжге қабылданатын мамандықтар және құжаттар тізімі.
Колледж келесі мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды:
- Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) мамандығы, 4S02150101 Концертмейстер, балалар музыка мектебінің оқытушысы, 4S02150102 Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы, 4S02150102 Оркестр әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы, 4S02150103 Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы біліктілігі.
- Хорды дирижерлау мамандығы, Хормейстер, оқытушы біліктілігі;
- Вокалдық өнер мамандығы, 4S02150301 Академиялық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы, 4S02150302 Дәстүрлі ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы біліктілігі;
- Хореография өнері мамандығы, 4S02150702 Би ансамблі әртісі біліктілігі;
- Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша) мамандығы, 4S02130101 Суретші біліктілігі.
Оқуға түсем деушілер төмендегідей құжаттар тапсырады:
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, көшірмесі
- Үміткердің тұлғасын куәландыратын құжат (тууы туралы куәлік) жеке ұсынылады, ЖСН (немесе паспорт) түпнұсқасы, көшірмесі.
- № 075 медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін сараптама комиссиясының медициналық-әлеуметтік тұжырымы), №063 (түпнұсқа), флюрография түсірме көшірмесі
- 3 х 4 көлемінде 6 сурет
- Музыкалық білімін куәландыратын құжат түпнұсқасы, көшірмесі.
- ЭЦП ключ (флешкада)