2023 -2024 оқу жылына арналған оқу – әдістемелік жұмыс жоспары
2023 -2024 оқу жылына арналған оқу – әдістемелік жұмыс жоспары
Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Білім беру мазмұнын және оқыту технологияларын жаңарту жағдайында шығармашылық пен бәсекелестікті арттыруға бағытталған білім беру кеңістігін құру»
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнына бағытталған инновациялық білім беру технологияларын қолдану жағдайында шығармашылық пен бәсекелестікті арттыруға бағытталған білім беру кеңістігін қамтамасыз ету арқылы кәсіби құзіретті маман даярлау.
Міндеттері:
- «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» ҚР президентінің жолдауын басшылыққа ала отырып, үздіксіз кәсіби білім беруде мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын өтеуге бағдар ұстау;
- Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
- Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- Аттестаттаудан өтетін педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;
- Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және жетілдіру;
- Педагогтар мен студенттердің жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау;
- Пәндік циклдік комиссия жұмысын ұйымдастыру;
- Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт бағдар беру.
Әдістемелік міндет және оларды шешу жолдары:
Колледждің негізгі әдістемелік тақырыбы бойынша барлық бөлімдерде жұмысты жоспарлау және жүргізу. Ол үшін:
- Барлық ашық сабақтар мен әдістемелік баяндамаларды колледж тақырыбына жақындатып бағыттау;
- Тақырыпты негізге ала отырып, бөлімдерде әдістемелік күн өткізу;
- Аттестатталушы оқытушылар қатысуымен семинар өткізу;
- Студенттермен жүргізілетін барлық тәрбие, білім беру және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту, құқықтарын іске асыру сияқты жұмыстарды нығайту;
- Білім алушыларға жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндетіміз екенін ескере отырып, педагогикалық әдістермен тәрбие әдістерін жете сабақтастыру шараларын жүзеге асырып, ата-бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы ұлттық тұлғаны қалыптастыру негізінде жұмыстану. Бұл ретте, оқытушыларымыздың жұмысындағы тәрбие мақсаты мен міндеттері атқарылып, ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы негізге алу, оқушыларымызбен ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық құқық және ұлттық тәрбиесі жайында дискуссия ұйымдастыру, педагогикалық тәжірибе өтуші студенттермен жұмысты нығайту;
- Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жыл бойына жоспармен жүргізу.
Осы мақсат-міндеттерге сәйкес төмендегі шараларды жоспарлау:
Әдістемелік жұмыс қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес қызметтің келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
- Колледждің әдістемелік қызметіне қатысу, облыстық, аймақтық және республикалық біліктілігін арттыру институттарында өз білімін жетілдіру арқылы біліктілігін арттыру.
- Оқу-әдістемелік кеңес.
- Әдістемелік семинарлар.
- «Жас педагог» мектебі жұмысы.
- Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау.
- Оқытушылардың инновациялық жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату.
- Педагогикалық шеберлік байқаулары.
- Пәндік олимпиадалар.
- Ғылыми-тәжірибелік конференциялар.
- Пәндік циклдік комиссия жұмысы.
Әдістемелік жұмыс
Оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін колледждің оқу - әдістемелік қызметі ҚР «Білім туралы» Заңына, «Тілдер туралы» Заңына, БЖҒМ нормативті құжаттарына, Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына және Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес іске асады. Педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен тиімділігі бірінші кезекте оқытушылар ұжымының шығармашылығы мен біліктілігіне, оқу үдерісінің әдістемелік қамсыздандырылуына байланысты.
Әдістемелік кеңес отырысының жоспары |
||||
р/с |
Жұмыс, қаралатын сұрақтар атауы |
Орындалу мерзімі |
Индикаторлар/ Соңғы нәтиже |
Жауаптылар |
I Ұйымдастыру жоспары |
||||
1 |
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкімет Қаулысын, облыстық білім басқармасы, тағы басқа органдардың нормативтік құжаттары, бұйрықтары және нұсқауларын оқып-үйреніп, жүзеге асыру.
|
жыл бойы |
Нормативтік құжаттармен танысу |
Барлық мамандар |
2 |
Оқу жұмыс бағдарламалары мен жеке даму жоспарларын әзірлеу
|
2023 ж. қыркүйекке дейін |
Оқу-жұмыс бағдарламалары мен жоспарлардың жаңа оқу жылына дайын болуы |
ЦӘК төрағалары, оқытушылар |
Әдістемелік кеңестің жұмысын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту
|
қыркүйек |
Бекіту |
ОӘЖО,
|
2 |
Әдістемелік кеңес отырысының жоспарын құру, талдау;
|
қыркүйек |
Бұйрық шығару |
әдіскер ПЦК жетекшілері, |
3 |
Әдістемелік жұмыстың жоспарын бекіту |
қыркүйек |
Жоспар бекіту |
әдіскер, әдістемелік кеңес мүшелері |
Пән циклдік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
ПЦК жетекшілерін тағайындау; |
қыркүйек |
Бұйрық шығару |
ОӘЖО
|
2 |
ПЦК жұмыс және отырыс жоспарларын талдау және бекіту. |
қыркүйек |
Жоспар бекіту |
әдіскер ПЦК жетекшілері |
«Жас педагог» мектебі жұмысын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
Жаңа бастаған жас педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтарына дайындалуда, жүргізуде көмек көрсету үшін, педагогикалық тәлімгер-ұстаздарды бекіту.
|
қыркүйек |
Бұйрық шығару |
ОӘЖО
|
2 |
Жас мамандар мен тәлімгерлердің жұмыс жоспарын бекіту. |
қыркүйек |
Жоспар бекіту |
әдіскер ПЦК жетекшілері |
Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
Колледжішілік аттестаттау комиссиясының және сараптама тобының құрамын бекіту |
қыркүйек |
Бұйрық,
|
ОӘЖО |
2 |
Аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын талдау, аттестаттаудан өту кестесін бекіту. |
қыркүйек |
Хаттама |
әдіскер ПЦК жетекшілері |
Кәсіби біліктілікті жетілдіру жұмысын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
Колледж педагогтарының біліктіліктерін арттыру кестесін құру, бекіту. |
жыл бойы |
жоспар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілер |
2 |
Колледж педагогтарын жаңартылған бағдарлама бойынша облыс әдістемелік кабинеті тарапынан ұйымдастырылатын курстар кестесіне сәйкес жіберу. |
кестеге сәйкес |
ұсыныс |
әдіскер |
3 |
«Курстан кейінгі қолдау. Кері байланыс» (біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтердің кері байланыс семинарын өткізуі). |
|
хаттама |
оқытушылар |
Әдістемелік бағыт-бағдар, нұсқау беру жұмыстарын ұйымдастыру:
|
||||
1 |
Жұмысқа жаңадан қабылданған оқытушылар |
жыл бойы |
Нұсқаулар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
2 |
Жас мамандар мен тәлімгерлер; |
жыл бойы |
Нұсқаулар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
3 |
Пән оқытушылары мен ПЦК жетекшілері; |
жыл бойы |
Нұсқаулар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
4 |
Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер. |
жыл бойы |
Нұсқаулар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
5 |
Облыстық, Республикалық байқауларға колледж педагогтерін қатыстыру (әдістемелік көмек көрсету) |
Жыл бойы
|
Бағдарлама |
ОӘЖО, әдіскер |
6 |
Оқытушылардың бейне сабақ дайындауына әдістемелік көмек көрсету. Талапқа сәйкес бейне сабақтарды колледждің YouTube каналына жариялау, Облыстық білім басқармасының YouTube каналына ұсыну (әрі қарай республикалық) |
Жыл бойы
|
Бейне өнім |
ОӘЖО, әдіскер |
7 |
EDUS платформасына пән оқытушыларының контент жүктеуіне мониторинг жүргізу |
Жыл бойы |
Есеп |
ОӘЖО |
8 |
Оқу-тәрбие үрдісінде жоғары жетістіктер көрсеткен педагогтерді марапатқа ұсыну
|
Жыл бойы |
Марапаттау парағы |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері Әдістемелік кеңес мүшелері |
II Оқу-әдістемелік жұмыстар |
||||
1 |
Пән оқытушыларының жеке жұмыс жоспары мен әдістемелік жұмыс тақырыптарын, сабақ жоспарларын бекіту. |
Қыркүйек
Жыл бойы |
Жоспарлар
|
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
2 |
Семинар-практикум, республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру, пәндік циклдік комиссиясы апталықтарын өткізу, «Жас маман» байқауы, «Үздік педагог» байқауы, облыстық кәсиби байқауларға, жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға қатысу. |
Жыл бойы |
Іс-шара жоспарлары, материалдары |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
3 |
Ғылыми-әдістемелік басылымдарға жазылу, материалдар жариялау. |
Жыл бойы |
Басылымдар |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері Кітапхана меңгерушісі |
4 |
Педагогтардың ғылыми-кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында облыстық әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім бөлімімен жұмыс |
Жыл бойы |
Сұраныстар |
ОӘЖО, әдіскер
|
5 |
Өзара сабаққа қатысу бойынша оқытушылардың есеп берулері
|
Жыл бойы |
Сабақ талдау парағы |
Әдістемелік кеңес мүшелері, ПЦК жетекшілері |
III Шығармашылық-эксперименталды жұмыстар |
||||
1 |
Конкурстар, олимпиадалар, фестивальдер ұйымдастыру және өткізу, оқу құралдарын, әдістемелік баяндамаларды, педагогтардың авторлық жұмыстарына талдау жүргізу, Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
Жыл бойы |
Іс-шара материалдары
|
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері |
IV Әдістемелік жұмыс сараптамасы |
||||
1 |
Әдістемелік кеңес отырысы;
ПЦК жетекшілерінің отырысы;
«Жас мамандар» мектебінің отырысы; Аттестаттау комиссиясының отырысы |
2 айда 1 рет айына 1 рет 2 айда 1 рет жылына 2 рет |
Отырыс хаттамалары |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері Тәлімгерлер Аттестация комиссиясы |
2 |
Пәндер циклдік комиссияларының жұмыс қорытындысы; педагог қызметкерлерді аттестаттау қорытындысы; шығармашылық - ізденіс жұмыстарының нәтижесі |
Қаңтар, Маусым |
ПЦК жетекшілері Аттестация комиссиясы |
Сараптама, Есеп |
V Бақылау жұмыстары |
||||
1 |
Әдістемелік көмек, бағыт-бағдар, нұсқау беру - жұмысқа жаңа қабылданған оқытушыларға; - жас мамандарға; - пән оқытушыларына; - ПЦК жетекшілеріне; - аттестациядан өтетін оқытушыларға |
Жыл бойы |
Әдістемелік кеңес отырысы, Жас мамандар семинары |
ОӘЖО, әдіскер ПЦК жетекшілері Тәлімгерлер
|
VI Қорытындылау жұмыстары |
||||
1 |
Әдістемелік жұмыстардың нәтижесін шығару - ПЦК апталықтары; - Конкурс, семинар, конференция жұмыстары; - ПЦК жетекшісінің есебі; - Колледж әдіскерлерінің есебі; - Әдістемелік жұмыстың барлық бағыттары бойынша есеп негізінде шығарылған мониторинг, рейтингтері; - Әдістемелік жұмыстың есебі. |
Ақпан - Мамыр
Маусым
Әдістемелік кеңес отырысынд |
ПЦК отырыстары Әдістемелік кеңес отырысы |
ОӘЖО, әдіскер Тәлімгерлер
|
- Миссиясы: Өнер мен мәдениет саласында бәсекеге қабілетті, замануи еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби құзіретті, рухани құндылықтарды бойына сіңірген шығармашыл мамандарды дайындау.
- Стратегия: Мансаптың өсуін қамтамасыз ететін сапалы кәсіби білім беру кепілі.