MKI
MCA

MANGYSTAU COLLEGE OF ARTS

INFORMATION PORTAL

ABOUT COLLEGE

Mangystau College of Arts is the premier center for creative education in the Caspian region. We bridge classical academic traditions with modern innovative standards.
COLLEGE HISTORY
Новости 07.04.2026 15:02

🎵 Шығармашылық мерекесіне шақырамыз!

Маңғыстау өнер колледжі баршаңызды айтулы мәдени іс-шаралар аясында өтетін салтанатты концертке шақырады!

Бұл кеш бірнеше маңызды оқиғаларға арналады:

  • XVIII Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы.
  • 47-ші Республикалық жас орындаушылар байқауы.
  • Көрнекті тұлға Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығы.
  • ҚР Тәуелсіздігі мен Қазақ камералық хор ұжымының 35 жылдығына орайланған «Жұбановтар көктемі-2026» халықаралық хор музыкасы фестивалі.

🌟 Бағдарламада: Байқау және олимпиада қатысушыларының ең жарқын өнерлері.

📅 Күні: 7 сәуір (07/04) 🕒 Уақыты: 15:00 📍 Өтетін орны: Колледждің АКТ залы

Келіңіздер, өнер мерекесінің куәсі болыңыздар!

Новости 07.04.2026 13:43

Әбіш Кекілбайұлы

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысыМаңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Кекілбайдың Әбіші де тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді. Клараның мамандығы – дәрігер.

Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет (1965–2013) пен Дәулет (1975) есімді екі ұл, Зәузат (1967) пен Сәулет (1971) есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді. 2013 жылы Маңғыстауда үлкен ұлы Әулет жол апатынан қаза тапты. Әпкелері: Дыбыс пен Қаркөз Маңғыстауда тұрады, қарындасы Тілектес Қызылордада тұрады