Язык: Рус   Каз
Instagram Facebook Youtube
Телефоны:
8 (7292) 52-17-40
8 (7292) 52-17-41

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Берикбаеваның 2017-2018 оқу жылындағы І жарты жылдық қорытынды есебі

2017-2018 оқу жылының бірінші жарты жылдығының басында Маңғыстау өнер колледжінің топ жетекшілері курс және бөлімдер бойынша 13 топ жетекшісіне бөлінді. Олар:

1.       Халық аспаптар 1 к. – Оңайбай Салтанат Қосмұратқызы

2.       Халық аспаптар 2 к. – Утепова Мадина Сарсенбековна

3.       Халық аспаптар 3 к. – Кулганатов Гани Бекенович

4.       Халық аспаптар 4 к. – Исмұханбетова Жәмилә Маратқызы

5.       Кескіндеу 1 к. – Шороханов Мақсат Сулейменович

6.       Кескіндеу 2 к. – Джолдасбаева Жанат Куандыковна

7.       Кескіндеу 3 к. – Балтабаев Тынышбек Пайзханович

8.       Кескіндеу 4 к. – Тоқсанбаева Мира  Куанбаевна

9.       Ән салу бөлімі 1-4 курс – Берикбаева Шолпан Саламатовна

10.  Домбырамен ән салу бөлімі – Омарова Айнұр Базарбековна

11.  Хореография өнері бөлімі 1-3 курс – Бейсалиева Сандуғаш Мусаевна

12.  Хорда дирижерлау бөлімі 1-4 курс – Майлыбаева Нұршат Есенбайқызы

13.  Фортепиано, үрмелі және соқпалы, ішекті аспаптар 1-4 к. – Караева Тилектес Нурлыбаевна

Тәрбие жұмысының жылдық жоспары бойынша Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығының негізінде жасақталған 8 бағыт бойынша қалалық, облыстық, республикалық тапсырмалардың негізінде жұмыстар атқарылды. Осы оқу жылында өткізілген шаралардың барлығы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жұмыстар өткізілді.

Колледждегі тәрбие жұмысы ҚР төмендегі Заңдарын, бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылады:  ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Балалар құқықтары туралы» Заңы, ҚР Жастар саясаты туралы Заңы т.б.

Тәрбие жұмысының бағыттары:

·        Патриоттық тәрбие

·        Рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие

·        Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі

·        Экологиялық және еңбек тәрбиесі

·        Ана-анамен байланыс, отбасы тәрбиесі

·        Таңдаған мамандыққа сүйіспеншілігін арттыру т.б.

Колледждегі тәрбие жұмысы оқу орнының ерекшелігін ескере отырып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушілері, психолог, топ жетекшілер, жастар комитеті, Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі арқылы жүзеге асады.

Колледжде құқықбұзушылықтың алдын алу барысында Ақтау қаласы ІІБ ЖПҚ бастығы полиция подполковнигі О.Қ. Тасқымбаевпен бірлескен жоспар бекітілді. Оқу жылының басында жаңа қабылданған студенттер мен олардың ата-аналарына жиналыс өткізіліп, онда оқу орнының ерекшелігі, студенттердің күн тәртібі мен колледждегі дайындық уақыттары, музыкалық аспап мәселелері айтылады.

Колледжде Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесі жұмыс жасайды. Онда студенттердің тәртібі туралы мәселелер қаралады, шаралар қолданылады. Колледжішілік бақылауға алынған студенттер көрсеткіші:

2015-2016 о.ж. - жоқ

2016-2017 о.ж. - жоқ

2017-2018 о.ж. – жоқ

 

Колледж студенттердің қала бойынша құқықбұзушылықтан еш жерде есепте тұрмағандығы туралы квартал сайын ІІБ ЖПҚ тексерулер өткізіледі. Соңғы 3 жылда есепте тұрған студент жоқ.

 

Колледжішілік шаралар:

·        Қазақстан Республикасының Конститутциясына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты 1қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты  жиын өтті.

·        Орта Азия мемлекет елдерінің мәдениеті мен өнерін зерттеуші, Жібек жолы мәдени алмасу орталығының директоры Caroline L.M Kuoмен кездесу.

·        Учаскілік инспектор Жанабек Рысбековпен I курс ұлдарымен «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылық», «Терроризм» атты тақырыпта кездесу өтті.

·        Хорда дирижерлеу бөлімінің топ жетекшісі Майлыбаева Н.Е. М.Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Халқы үшін туған ер» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

·        Халық аспаптар бөлімінің 1 курс, Фортепиано, ұрмалы және үрмелі, ішекті аспаптар 1-4 к. топ жетекшілері Оңайбай С.Қ. Караева Т.Н.  облыстық қарттар үйінде 1 қазан қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концертін өткізілді.

·        Қазан айында ҚР білім ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Аманбек Сүндетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған мамандандырылған арнайы музыкалық мектептер, музыка-өнер колледждері мен ұлттық консерватория, өнер академиясының студенттері арасында тұңғыш I-Республикалық домбыра-прима аспабы конкурсы өтті, конкурста колледж студенттері көрермен ретінде қатысып, Ашықбаева Әдемай мен Әділ Баймұрат конкурс жүргізушілік қызмет атқарды.

·        Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – аты биік, әрі мәңгілік» атты студенттер дайындаған меркелік концерті өтті.

·        Маңғыстау облысы Азаматтық альянс ұйымдастырған «Жемқорлықсыз болашақ» атты колледжаралық форумға қатысу.

·        Кескіндеу бөлімінің 3 курс топжетекшісі Балтабаев Т.П. «Мемлекеттік қайраткер Ж.Мыңбаев» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

·        М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында І курс студенттеріне сынақ кітапшасы мен студенттік билетін тапсыру «Студенттікке қабылдау» кеші өтті.

·        Кескіндеу бөлімінің 4 курс топ жетекшісі М.К.Тоқсанбаеваның «Ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағаты жақсы деңгейде өткізілді.

·        Колледж қабырғасында Қалалық жастар орталығымен дін істері басқармасы ұйымдастырған «Адасқандар» атты діни экстримизмге қарсы шағын көрінісін колледж студенттеріне көрсетілді.

·        Қараша айында колледжішілік ұлдар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әділ Әлиевтің ұйымдастыруымен футболдан жарыс өткізілді.

·        Халық аспаптар бөлімінің 4 курс топ жетекшісі Ж.М.Исмұханбетованың «Жер ананы жылатпаңдар Адамдар!» атты ашық тәрбие сабағы өтті.

·        Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, күйші Сабира Батыровамен кездесу.

·        ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «Халық аспаптар» бөлімінің оқытушылары: Боранова Салтанат Базарбековна, Көбегенова Ажар Іңірбаевна, Қоңырбаева Жанна класс концерті, Қолғанатов Ғани Бекенұлы мен Кемелбекова Жұпар Ерсайынқызының ұйымдастыруымен «Алтын ұя» атты ансамбльдер концерті, «Фортепиано», «Үрмелі және соқпалы», «ішекті аспаптар» бөлімінің  концерті өтті.

·        Ән салу бөлімінің 1-4 курс топ жетекшісінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдаршам» атты ашық зияткерлік сағаты бөлімдер арасында әр түрлі бағыттағы сұрақ-жауаптар арқылы өтті.

·        «Рухы биік, арманы асқақ Қазақ елі» атты есептік концерті М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында болды. Концертке барлық бөлім студенттері қатысты.

·        Студенттерге арналған жаңа жыл мерекелік кеші М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда өткізілді. Барлық курс алдын ала берілген тапсырма бойынша үй тапсырмаларын көрсетті. Көңіл көтеретін түрлі ойындар ойнатылды. Жеңімпаз топтарға дипломдар мен силықтар табыс етілді.

Бас жүлде «Ән салу» және «Халық аспаптары» 4 курс

І орын «Фортепиано, үрмелі, соқпалы, ішекті» және «Халық аспаптары» 2 курс ІІ орын «Хор дирижері» және «Кескіндеу» 1 курс

ІІІ орын «Хореография өнері» және «Кескіндеу» 3 курс

ІІІ орын «Халық аспаптары» 1 курс және «Кескіндеу» 4 курс

·        Учаскілік инспектор Жанабек Рысбековпен мереке алды «Құқық бұзушылық» және жеке ұлдарымен «Темекінің алып барар жолы» атты тақырыпта кездесу өтті.

·        Облыстық әкімінің жарлығымен «Асар» қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында колледж әкімшілігі қалалық мүжәлсіз отбасына көмек көрсетілді.

 

Қалалық, облыстық және республикалық шаралар:

·        Қалалық әкімшілік ұйымдастырған, кең ауқымды денсаулык күніне арналған Облыс әкімі Ералы қатысумен өткен «Денсаулық марафонына» колледж студенттері мен оқытушы А.Қосымқызы қатысты.

·        Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыру мақсатында Хан шахар қонақ үйінде өткен «Каспий серпін толқыны» атты республикалық форумына ән салу бөлімінің 4 курс студенті Жайлыбаева Мөлдір, «Шабыт» триосы, Ғ.Б.Қолғанатовтің жетекшілігіндегі домбырашылар ансамбілі концерттік номермен қатысты.

·        Маңғыстау әкімдігінің қолдауымен  бірінші халықаралық жастар форумы аясында «Өнер АРТ» галереясында өткен «Каспий көкжиегі» атты халықаралық суретшілер шеберлік сыныбы мен плэнеріне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.

·        Қазан айында - ҚР білім ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Аманбек Сүндетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған мамандандырылған  

I Республикалық домбыра-прима аспабы конкурсына Б.А.Көбенғалиевтің 4 курс студенті Қыдырбаев Берекет қатысып, - Алғыс хатпен марапатталды.

·        Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Самғау» атты ІV Халықаралық жас суретшілер байқауына колледж студенттері қатысып пленэр номинациясы бойынша:

Аяпбергенов Қоблан - І орын, Орынбасаров Әділбек - ІІорын,

үй тапсырмасы номенациясы:

Мырзашина Шынар - ІІ орын.

Пейзаж номинациясы:

Аяпбергенов Қоблан - ІІІ орын,

Каюпова Ақтілек пен Тыныштыбаев Қанат -  дипломант атанды.

·        Маңғыстау облысы оқу әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай рухымен бір тәулік» атты танымдық-шығармашылық шараға «Кескіндеу бөлімінің» 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Шораханов М.С. көрермен ретінде қатысты.

·        14 шағын аудан теңіз жағалауында, Облыстық әкімшілік пен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастырумен өткен «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты латын әліпбиіне көшу акциясына «Халық аспаптары» бөлімінің 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Оңайбай С.Қ. қатысты.

·        Ақтау қ. Абай мәдени үйі кешенінде облыс әкімінің қатысуымен өткен «Ұстаздар күніне» арналған концертте домбырамен ән салу, хореография өнері, хор дирижері, ән салу бөлімінің студенттері өнер көрсетті.

·        Қазан айында Петропавл қаласында өткен «Дельфилік ойындар» Халықаралық жас таланттар байқауында «Домбырамен ән салу» бөлімінің ІІ курс студенті Омар Ақмарал үздік өнер көрсетіп, І орын алтын алқа иегері атанып,  2018 жылы Мәскеу қаласында өтетін байқауға жолдама алды.

·        Жастар саясаты басқармасының  ұйымдастыруымен «Болашаққа үміт, жастарға сенім»  атты бір күндік семинар-тренингке колледж студенттері: Ашықбаева А., Ағыманова., Сандешова А., Беканов Е., Сабуров қатысты.

·        Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы, «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен өткен «Жастар жемқорлыққа қарсы» колледжаралық көріністер байқауының форумына актерлық шеберлік пәнінің ұстазы Бейсембина А.К. дайындаған «Сатылған заман» атты көрінісімен қатысып,  нәтижесінде І орынға ие болды. Шараға қатысқандар: «Домбырамен ән салу», және «Хореография өнері» бөлімінің студенттері.

·        Нұр Отан төрағасының І орынбасары Құл-Мұхаммед Мұхтар Абдрарұлымен өткен кездесуге «Халық аспаптары» бөлімінің 1-3 курс студенттері мен Айтбаева А. мен Мадреева Г. қатысты.

·        Қалалық «Сазды әуен - сырлы әуез» атты балалар мен жасөспірімдер арасында ән-күй номинациясы бойынша өткен байқауына колледж студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Халық аспаптары бөлімінің студенттері:

Қажыбек А. - 2 орын, Қыдырбаев Б., Дүйсенбаева А. - Алғыс хат, ұстазы: Аманжолова А.С.

Ән салу бөлімінің студенттері:

Зейнелова А. - І орын, ұстазы: Салимова С.Г.

Ізғалиев С. - ІІ орын, ұстазы: Оспанова Н.К.

Өтеген Н. - алғыс хат, ұстазы: Сапарова Ш.А. марапатталды.

·        Атырау қаласында өткен ҚР Халық әртісі, профессор Ә.Есқалиев атындағы ІV Республикалық «Алтын домбыра» күй байқауына «Халық аспаптары» бөлімінің ІІІ курс студенті Мусаев Б. қатысып - Алғыс хатпен оралды. Ұстазы: Аманжолова А.С.

·        Мұнайлы ауданының 10 жылдығына орай өтілген облыстық «Жыр-термешілер» сайысына Бекназарова А. қатысып - Алғыс хатпен марапатталды. Ұстазы: Ерімбетова А.Т.

·        «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласының аясында Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Адай ата - Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешеніне «Кескіндеу» бөлімі бір күндік саяхат жасап, «Темірмен тіл табысқан» атты түркі әлеміне танымал ағайынды ұсталар Тұрысжан, Махмұт, Айтберген Құлменовтердің қолдарынан шыққан сирек қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Кескіндеу бөлімі сонымен қатар, алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Жалау Мыңбаевтің 125 жылдығына арналған шараларға қатысты.

·        П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 85 жылдық мерей тойына орай өткізілген халық аспаптарында орындаушылардың «Номад әуені 2017» І Республикалық конкурсына колледж студенттері қатысып, мынадай нәтиже көрсетті.

Майлыбай Қ. - дипломант, ұстазы: Айдарбаева Р.Т.

Жетібаев А. - «Номад жүлде иегері», ұстазы: Аманжолова А.С.

Әбжапбар А. - дипломант, ұстазы: Кемелбекова Ж.Е.

·        Қазан айының 26-27 жұлдызы аралығында Орал қаласында өткен «Елдіктің өшпес рухы - ер Махамбет» атты конкурсына

Артықов Ж. - 3 орын, ұстазы Сағынғали Д.

Кеңес А. - дипломант, ұстазы: Ұзақбай Ғ.

Шерғали А., Сүндетқалиев Ж., - дипломант, ұстазы Қолғанатов Ғ.Б.

·        Қостанай қаласында өткен Сағын Жалмышев атындағы І Республикалық домбырашылар байқауында

Жетібаев А.-3 орын, ұстазы: Аманжолова А.С.

Құдайбергенов Н.-Дипломант, ұстазы:Аманжолова А.С. атанды.

·        Жұмысшы мамандандығының «Batysckils» аймақаралық чемпионатының ашылу және жабылу концертіне Қолғанатов Ғ.Б. мен Сарғожаева А.С. жетекшілігіндегі домбырашылар ансамбілі, колледж хоры қатысты. Ашықбаева Әдемай мен Әділ Баймұрат шара жүргізушілері болды.

·        «Мен Қазақпын» Республикалық тележобасына «Халық аспаптар бөлімінің» 4 курс студенті Жетібаев А. қатысып Арнайы жүлде иемденді.

·        Облыс әкімінің қатысуымен «Абай» мәдени кешенінде өткен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қалалық концертіне «Халық аспаптары» 2 курс, «Хор дирижеры», «Ән салу», «Домбырамен ән салу» бөлімдерінің студенттері белсене қатысты.

·        Облыстық «Маңғыстау орена» спорт кешенінде облыс әкімі Ералы Лұқпанұлының қатысуымен өткен NFC ережесіз күресінің ашылу салтанатына «Ән салу» бөлімінің студенттері мен колледждің домбырашылар ансамбілі өнер көрсетті.

·        Caspian Riviera қонақ үйінде өткен «Білім үздігі 2017» шарасына Науайы фольклорлық ансамбілі мен колледж хоры концерттік номермен қатысты.

·        Қаңтар айының бастапқы жұлдызында Сарғожаева А.С. жетекшілігімен колледж хоры М.Өскінбаев атындағы филармонияның камералық ансамбілімен біріккен «Рождественский концерт» шарасына қатысты.

 

 

 

 

Конкурстың атауы
Қашан, қайда болды
Қатысушының

аты-жөні
Жүлделі орын
Мамандық ұстазы
А.М.Сүндетовтің 70 жылдық мерей тойына арналған «Домбыра-прима»
Республикалық Ақтау
Б.Қыдырбаев
Алғыс хат
Б.Көбенғалиев
«Самғау» атты ІV Халықаралық жас суретшілер байқауы
Республикалық

Алматы
Қ.Аяпбергенов

Ә.Орынбасаров

Ш.Мырзашина

А.Каюпова

Қ.Тыныштыбаев
І-ІІІ орын

ІІ орын

ІІ орын

Диплом

Диплом 
 
«Дельфилік ойындар»
Халықаралық Петропавл
А.Омар
І орын
А.Ерімбетова
«Жастар жемқорлыққа қарсы»
Аймақтық

Ақтау
Колледж студенттері
І орын

 
А.Бейсембина
«Сазды әуен - сырлы әуез»
Қалалық

Ақтау
А.Қажыбек

Б.Қыдырбаев

А.Дүйсенбаева

А.Зейнелова

С.Ізғалиев

Н.Өтеген
ІІ орын

Алғыс хат

Алғыс хат

І орын

ІІ орын

 Алғыс хат
А.Аманжолова

А.Аманжолова

А.Аманжолова

С.Салимова

Н.Оспанова

Ш.Сапарова
Ә.Есқалиев атындағы ІV Республикалық «Алтын домбыра» күй байқауы
Республикалық

Атырау
Б.Мусаев
Алғыс хат
А.Аманжолова
«Жыр-термешілер» сайысы
Облыстық

Ақтау
А.Бекназарова
Алғыс хат
А.Ерімбетова
«Номад әуені 2017»
Республикалық Алматы
Қ.Майлыбай

А.Жетібаев

А.Әбжаппар
Дипломант

Номад иегері

Алғыс хат
Р.Айдарбаева А.Аманжолова

Ж.Кемелбекова
 «Елдіктің өшпес рухы - ер Махамбет»
Облыстық

Орал
Ж.Артыков

А.Кеңесов

А.Шерғали

Ж.Сүндетқалиев
ІІІ орын

Дипломант Дипломант Дипломант
Д.Сағынғали

Ғ.Ұзақбай

Ғ.Қолғанатов Ғ.Қолғанатов
С.Жалмышев атындағы домбырашылар байқауы
Республикалық

Қостанай
А.Жетібаев
ІІІ орын
А.Аманжолова
Республикалық

«Мен Қазақпын» тележоба
Халықаралық

Алматы
А.Жетібаев
Арнайы жүлде
А.Аманжолова
Студенттермен жасалған жеке жұмыс түрлері:

·        Мерекелік шараларды ұйымдастыру, өткізу;

·        Студенттердің мед. тексеруден өтуі;

·        Бұзықшылықтың алдын-алу комиссия кеңесінің құрамында жұмыс жүргізу;

·        Колледж студенттермен жеке жұмыс жүргізу;

·        Ата-аналармен байланыс жасау;

·        Кураторларға оқу процесінде көмек көрсету;

·        Қиын балалармен жеке жұмыс жүргізу;

Тәртібі қиын студенттермен жұмыс үнемі жасалады. Бөлім меңгерушілері, пән мұғалімдері, топ жетекшілері мұндай студенттерді назардан тыс қалдырмай, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың сабаққа қатыстары, дайындықтары жөнінде қадағаланды. Бұл жөнінде ата-анамен тығыз байланыс жұмыстарын топ жетекшілері жүргізді.

 

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары                                                 А.С.Берикбаева

 

 

 

 

Манова Жайнаш Утепкалиевна
Директор мангистауского
колледжа искусств
Электронное правительствоГосударственные услуги Биржа трудаЭлектронная биржа труда 100 шагов100 шагов История КазахстанаИстория Казахстана Путь в будущееПуть в будущее
110 Горячая линия110 Горячая линия AtauATAU – ономастическая электронная база Стратегия 2050Стратегия 2050 Сайт ПрезидентаОфициальный сайт президента Республики Казахстан Сайт Премьер-министраОфициальный информресурс Премьер-министра Республики Казахстан
Министерство образования и науки Республики Казахстан Акимат города Актау Акимат Мангистауской области Управление образования Мангистауской области Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
tilquralTILQURAL abai.instituteИнститут Абая balatiliBALA TILI qazlatynQAZLATYN tilalemiТіл Әлемі
emleЭлектронная база орфографии казахского языка qazcorporaНациональный корпус казахского языка termincomБаза терминов tilmediaTilMedia