Маңғыстау өнер колледжінің 30 жылдық мерей тойына орай, «Халық аспаптары» бөлімінің «Өнер ордасына 30 жыл» атты мерекелік концерті өтті
*1 қараша күні Мұрат Өскінбаев атындағы Облыстық филармония залында Маңғыстау өнер колледжінің 30 жылдық мерей тойына орай, «Халық аспаптары» бөлімінің «Өнер ордасына 30 жыл» атты мерекелік концерті өтті. Концертті ұйымдастыруға мұрындық болған бөлім меңгеруші Гүлжан Сайынқызы мен бөлім оқытушылары шараның жоғарғы деңгейді өтуіне ат салысты. Концертке бөлім ұстаздары Ғазиза Ұзақбай, Ғани Қолғанатов, Нұржан Жолдас, Бауыржан Көбенғалиев, Әлия Қарамұханова, Асылбек Даулетияров, Жарқынай Асенова, Қаламқас Абиллаева, Салтанат Оңайбай, Нұрғиса Құдайбергенов, Ербол Кулутмаев, Жақсылық Шодыров, Оңғар Сейдалиев және колледждің студенттік оркестрі (жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Бауыржан Көберғалиев), домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі, домра-прима ансамблі, «Науаи» фольклорлық ансамбілі, жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кеште колледждің ардагер ұстаздары Аманбек Сүндетов, Сержан Шакрат, Айтбеген Жаңбыршы, Хадиша Балапашқызы, Роза Айдарбаева, Рахат Мадреев, Сарқыт Мадреева, Айжан Аманжоловалар қонақ болды.
*Концерттің жоғарғы деңгейде өтуіне ықпал еткені үшін, Ерекше алғысымызды Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармония басшысы Бекбол Таңатарұлы мен басшы орынбасары Данияр Сағынғалиұлына, мәдени шарамызда дәстүрлі өнерімізді дәріптеуге қолдау көрсеткен Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Эльвира Амангелдіқызы мен оның ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеуде ұрпақ сабақтастығы үзілмесін. Қазақтың күйі көкке шарықтай берсін!
@filarmonya_aktau
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
#маңғыстауөнерколледжі
#маңғыстауөнерколледжіне30жыл
#халықаспаптарыбөлімі