Язык: Рус   Каз
Instagram Facebook Youtube
Телефоны:
8 (7292) 52-17-40
8 (7292) 52-17-41

Менің жетістігім менің нәтижем

Менің жетістігім менің нәтижем

 

Джолдасбаева Гульнара Джаумбековна, 1995-1999 жылдары Маңғыстау өнер колледжінде «Халық аспаптары» бөлімінде домбыра класы бойынша, 2006-2011 жылдары Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқып бітірген.  Алғашқы еңбек жолын  №9 орта мектепте 10-11 сынып оқып жүріп, қосымша 1993 жылдан бастап балалар музыка мектебінде домбыра пәнінің оқытушысы болып бастаған. Кейін №9 орта мектепті бітіргеннен соң, Ақтау қаласындағы Маңғыстау өнер колледжіне домбыра класына оқуға қабылданған. Оны бітірген соң 1999 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Филормониясында  «Абыл Тарақұлы» атындағы оркестрде жұмыс жасаған. 2006 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына домбыра мамандығына оқуға түсіп, білімімді жалғастырды.  Ақтау қаласындағы Маңғыстау өнер колледжіне домбыра пәні бойынша оқытушы болып жұмысқа орналасқан. Міне содан бері Маңғыстау өнер колледжінде домбыра пәні бойынша қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде көптеген шәкірттерді домбыра аспабына баулып,  республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындап жүрген ұстаз. Қазіргі таңда шәкірттерінің  алды Астана, Алматы қалаларында консерватория, өнер университетін бітіріп келіп, өзіммен әріптес болып жүр.  2012-2013 жылдар аралығында Балалар өнер студиясының  меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 
Оқыту технологияларының, әдістемелерінің жаңарып отыруына сәйкес, ұстаз да өз білімін, біліктілігін жетілдіріп отыруы тиіс деп санайды. 2014 жылы 22- 25 қыркүйек  айында Алматы қаласынан келген ҚР Еңбегі сіңірген қайраткері Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы Карима Сахарбаеваның   шеберлік класының толық «Дәстүрлі музыкалық өнер» домбыра «Авторлық курс» атты  курсынан өтті.   2018 жылдан бастап G&J  өнер орталығын құрушы. 30 – ға жуық мамандарды жұмыспен қамтып отырған жан.  Алдағы уақытта да осындай жетістіктерге жету үшін, өнерлі шәкірттердің шығармашылығын одан әрі шыңдап, бағыт-бағдар беру үшін ерінбей, қажырлы еңбек ете беремін деп сенім білдіруде.


#оқуағарту
#оқуағартуминистрлігі
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы
#білімберудіңоқуәдістемелікорталығы
#маңғыстауөнерколледжі
#үздікмансапорталығы
#үздіккәсібибағдарберуші
#меніңжетістігімменіңнәтижем
#еңбеккүні

Манова Жайнаш Утепкалиевна
Директор мангистауского
колледжа искусств
Электронное правительствоГосударственные услуги Биржа трудаЭлектронная биржа труда 100 шагов100 шагов История КазахстанаИстория Казахстана Путь в будущееПуть в будущее
110 Горячая линия110 Горячая линия AtauATAU – ономастическая электронная база Стратегия 2050Стратегия 2050 Сайт ПрезидентаОфициальный сайт президента Республики Казахстан Сайт Премьер-министраОфициальный информресурс Премьер-министра Республики Казахстан
Министерство образования и науки Республики Казахстан Акимат города Актау Акимат Мангистауской области Управление образования Мангистауской области Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
tilquralTILQURAL abai.instituteИнститут Абая balatiliBALA TILI qazlatynQAZLATYN tilalemiТіл Әлемі
emleЭлектронная база орфографии казахского языка qazcorporaНациональный корпус казахского языка termincomБаза терминов tilmediaTilMedia