Правила приёма
Келісілді Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы ___________А.А.Сейдалиев «____»_________ 2020 ж.
|
Бекітемін «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК директоры _______________Ж.У.Манова «____»________ 2020 ж. |
«Маңғыстау өнер колледжі»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
талапкерлерді 2020-2021 оқу жылына қабылдау
ЕРЕЖЕСI
ПРАВИЛА
приема абитуриентов в государственное коммунальное казенное предприятие «Мангистауский колледж искусств»
на 2020- 2021 учебный год
Актау - 2020
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі- колледж) оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі -Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
- Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
- Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
3.1. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
3.2. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін –
0,5 пайыз;
3.3. ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;
3.4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз;
3.5. жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
3.6.Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін – 10 пайыз квота көзделеді.
- Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.
2-тарау. «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
- Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
- Колледждің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.
- Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау төмендегідей мамандықтар бойынша 20 маусымнан бастап 20 шілдеге дейін жүзеге асырылады:
- 0404000 – Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) 3 жыл 10 ай:
040401 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер.
040402 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр,
ансамбль әртісі (жетекшісі).
040403 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар
оркестрінің әртісі (жетекшісі).
- 2. 0405000 - Хор дирижеры 3 жыл 10 ай:
040501 3 - Оқытушы, хормейстер.
- 0407000 - Ән салу 3 жыл 10 ай:
040701 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, академиялық ән
салу әртісі, ансамбль солисі.
040702 3 - Балалар музыка мектебінің оқытушысы, домбырамен
ұлттық әндер орындау әртісі.
- 0408000 – Хореография өнері 2 жыл 10 ай:
040802 3 - Би ансамбль әртісі.
- 0412000 – Кескіндеу, мүсіндеу және графика (түрлері бойынша)
3 жыл 10 ай:
041201 3 – Суретші.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.
9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының
2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
- Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
- Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.
- Оқуға түсу үшін түсу емтихандары негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша) өткізіледі.
Негізгі жалпы білімі бар (9 сынып) азаматтар келесі пәндер бойынша емтихандар тапсырады:
- Мамандық;
- Сольфеджио;
- Қазақ (орыс) тілі – тест.
Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында (http://mki-aktau.kz) түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
- Оқуға түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; пән бойынша тестілеуге – 45 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: «3» – 8 балға, «4» – 17 балға, «5» – 25 балға алмастырады.
- Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
- Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
- Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
- Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны осы Үлгі қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықталады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
- Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.
- Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
- Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
- Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
- Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың
24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
- Колледждің білім алушылары құрамына қабылдау – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында өткізіледі.
- Колледжге қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға екі пәннен 16 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
- Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ақпараттық стендтерге немесе білім колледждің интернет-ресурстарына (http://mki-aktau.kz) орналастыру арқылы жеткізеді.
Осы қабылдау Ережесі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы18 қазандағы № 578 «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беруұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.Қабылдау ережесі колледждің «17.04.2020 жылғы №7 педагогикалық кеңесінде қаралып талқыланды және бекітуге ұсынылды.
Техникалық және кәсіптік
|
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды |
Мамандықтың атауы |
Бейіндік пән атауы |
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
||
0404000 |
Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы |
2 шығармашылық емтихан |
0405000 |
Хор дирижері |
2 шығармашылық емтихан |
0407000 |
Ән салу |
2 шығармашылық емтихан |
0408000 |
Хореография өнері |
2 шығармашылық емтихан |
0412000 |
Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) |
2 шығармашылық емтихан |
Техникалық және кәсіптік |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды |
Мамандықтың атауы |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны |
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында |
||
0404000 |
Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0405000 |
Хор дирижері |
Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0407000 |
Ән салу |
Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0408000 |
Хореография өнері |
Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері) |
0412000 |
Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) |
Сурет және кескіндеме, композиция |
Техникалық және кәсіптік, |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Маңғыстау өнер колледжі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1)техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; (http://mki-aktau.kz) |
3 |
Мемлекеттік |
1)күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығы. 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 15 минут. |
4 |
Көрсету нысаны |
электрондық/қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қолхат беру. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. (http://mki-aktau.kz) Колледж сайтында; |
8 |
Құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны; № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері; 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады; |
|
Техникалық және кәсіптік, |
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
Оқу орны _________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
__________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
- Өтініш
- ________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. «__» _____________
|
Техникалық және кәсіптік, |
|
Нысан |
|
Көрсетілетін қызметті |
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қы?